Услуги

Атауы Жүктеу
1 Анықтама
2 Хаттама
3 Сыбайлас жемқорлық
4 Сыр жұлдызы бб. сыбайлас жемқорлық. ішкі талдау.
5 Сыбайлас жемқорлық. ішкі талдау 10 айлық қорытынды
6 Анықтама. ішкі талдау қорытындысы.

АНЫҚТАМА

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасы КМҚК 2024 жылдың 11 айы қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

27 қараша 2024 жыл

Қызылорда қаласы

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдануы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бойынша 2024 жылдың 11 айы қорытындысымен талдау жасалды.

«Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 20 қарашадағы №4077 санды кіріс хатына сәйкес көрсетілген мерзімде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасы КМҚК-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар негізінде жүргізілді.

View the embedded image gallery online at:
https://syr-zhuldyzy.testim.kz/en/uslugi-4.html#sigFreeId4da11eea22

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп,қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда. Балабақша меңгерушісі Г.Ж.Сапабекова «Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз» тақырыбында бөбекжай-бақшада қызметкерлерге түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Бөбекжай бақшада әлеуметтік желіге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша арнайы жүргізілген жұмыстар көрсетілді.

 

Сонымен қатар жоспарға сәйкес «Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі мен бюджеттік қаражаттарды заңсыз пайдалануға итермелейтін жағдайлар мен себептерді болдырмау мақсатында балабақша есепшісін «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» тақырыбында құқықтық сауаттандыру мақсатында біліктілік курсқа барып оқып келді.

View the embedded image gallery online at:
https://syr-zhuldyzy.testim.kz/en/uslugi-4.html#sigFreeId198092a305

«Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасы меңгерушісі: Г.Ж.Сапабекова