Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес балаларды балабақшаға бейімдеу, балабақшаға қызықтырды мақсатында дефектолог маманы ойын жаттығуларымен таныстырды, балалармен бірге ата-аналарда қызығушылық білдірі

«Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасының ата-аналармен бірлескен іс-әрекетінің мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының ықпалдастығын дамыта отырып, ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту.

Жаңадан қабылданған балалармен және оның ата-аналарымен бейімделу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Барлық оқу жылдарында ата-аналармен жұмыс жоспары жасалып, бекітіліп, жылына 4 реттен  жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, хаттамасы жүргізіліп отырады. Ата-аналарға  «Бала, тәрбие, болашақ»,  «Күн тәртібінің маңызы», «Балабақшадағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі», «Рухани жаңғыру-ұлттық тәрбие негізі» тақырыптарында кеңестер берілді. Өтпелі кезең дағдарысынан оңтайлы өтулеріне жағдай жасап, профилактикалық шаралар өткізіліп тұрады. Бөбекжай бақшаның педагог мамандары мен тәрбиешілері  педагогикалық-психологиялық кеңестер, тренингтер арқылы  ата-аналармен байланыста, ынтымақтастықта жұмыс жасалуда. «Отбасым- шаттық мекенім» атты ата-аналар арасындағы сайыс, «Толағай» «Әкем, анам және мен спорттық жанұям» атты спорттық сайыстар,  «Балабақшадағы бір күнім», «Отбасым» презентациялар, «Сөзімді тыңда» тренингі,  «Сіз қандай ата-анасыз?»  «Сіздің балаңыздың қызығушылығы қандай?», «Дана баланы тәрбиелей аласыз ба?» тақырыбындағы тест сұрақтары мен сауалнамалар, «Біз бір ұжымбыз!»атты психологиялық тренингтер өткізілді. «Мектепке дейінгі мекемелердегі сурдопедагог, дефектологиялық және логопедиялық  көмек көрсету жұмыстарының ұйымдастырылуы»  тақырыбында баяндамалар оқылып, заманауи форматта  кіші топтарда өткізілген «Тәй-тәй» шоуы өткізілді.  Мақсаты:  ата-анамен бала арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Тәрбиешілер арасында жүргізілген  «Ата-аналармен жақсы қарым –қатынас жасай аламыз ба?» тренинг және  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік теңдесі жоқ тірегім» атты ата-аналар мен тәрбиешілер  арасындағы интеллектуалды сайысы өте жоғары дәрежеде өтілген іс шара деп атауға болады.

Мөлтек аудандағы бөбекжай бақшамен қамтылмаған балаларды анықтап, олардың ата-аналарына педагогикалық-психологиялық кеңестер беру, жұмыс жоспары арқылы аптасына бір реттен бөбекжай бақшада болуын қамтамасыз етуде.

Алдағы уақытта

- МДҰ жылдық жоспары бойынша құрылған ата-анамен жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізу.

- Ата-аналармен  жұмыста  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), балабақша сайтын  кеңінен қолдану.

- Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстарын жүргізу.