Ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті-Жас құрылысшылар

Ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті — «Жас құрылысшылар»

Көрсеткіш Мазмұны
Күні 05.11.2025 жыл
Тобы «Сыр жұлдызы» кіші тобы
Тәрбиеші Мұхтар, Жазерке
Білім, білік, дағдысы Әлеуметтік дағды
Ұйымдастырылған іс-әрекет Қоршаған әлеммен таныстыру
Интеграция Құрастыру, сурет
Тақырыбы Жас құрылысшылар
Міндеттері
  • Ойындар арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
  • Дәстүрлі емес әдіспен сурет салу.
  • Табиғи материалды (құм, тас) пайдаланып ойнауға мүмкіндік беру.
  • Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
  • Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту.
Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеттің кезеңдері Іс-әрекет
Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті:
  • Балаларды қарсы алып, топқа ұйымдастыру.
  • Тақырыппен таныстырып, экранға (құрылысшылар туралы) назар аударту.
  • Ойын ережелерін түсіндіру.
Балалардың іс-әрекеті:
  • Қонақтармен сәлемдесу.
  • Экранға назар аударады, ережелерді тыңдайды.
Негізгі бөлім Сәлемдесу:
«Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса экранға назар салайық (Құрылысшылар туралы).»

Ойындар:
  1. «Текшеден үй құрастыру»
    Шарты: балалар ұжым болып текшелерден үй құрастырады.
  2. «Үйді әрлейік»
    Шарты: қыз балалар үйдің сыртын түрлі-түсті бояулар арқылы әрлейді.
  3. «Тас қиыршықтарын жинау»
    Шарты: балалар қалақшалар арқылы тас қиыршықтарын жүк көлігіне салып тасиды.
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
  • Ойындарды ұйымдастырып, балаларға тапсырма береді.
  • Құрал-жабдықтарды, материалдарды бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
  • Балаларды мақтап, мадақтайды (мысалы: «Жарайсыңдар! Үйлерің керемет!»).
Балалардың іс-әрекеті:
  • Текшелерден үй құрастырады.
  • Үйді әсемдеп әрлейді.
  • Тас қиыршықтарын қалақшалар арқылы жүккөлігіне салып тасиды.
  • Қызығушылықпен және ынтамен ойнайды.
Қорытынды
  • Балаларды жинақтап, ойын нәтижесін қорытындылау.
  • Балаларды мақтау, қонақтармен сәлемдесу.
  • Қысқаша рефлексия: балалар өздерінің салған суреттеріне қуанады және не бейнеленгенін айтады.
Күтілетін нәтиже
  • Балалар өзінің салған суретіне қуанады және онда не бейнеленгенін айтады.
  • Сазбалшықпен жұмыстың бастапқы дағдысына ие болады.
  • Құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алады.

Үй тапсырмасы: ойын барысында қолданылған материалдарды үйде суреттеп әкелу (міндетті емес).


Тәрбиеші:  Нұрадин Гүлден

Тобы: «Тұлпар»  мектепалды тобы

Ұйымдастырылған  іс- әрекетөх

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:

Қыс кереметтері

ҰОҚ мақсаты:

  Коммуникативтік дағдылары дамиды, әңгімелесушіні тыңдауға, өз пікірін айтуға үйренеді.

Хабарлы, Лепті, Сұраулы сөйлемдерді қолданады.

Ұқыптылыққа, достарын тыңдауға тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже:

·         Ана тіліндегі барлық дауысты дыбысты анық айтады

·         Құрдастарымен өз бетінше қарым-қатынас жасайды

·         Сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

Әдіс- тәсілдері:

4К – командамен жұмыс, креативтілік. Бала үні – қызығушылығын анықтау,  өнім арқылы саралау, мадақтау, кері байланыс, рефлексия.

Бақылау:

Жапылама,жанама

Ресурстары:

Алдын ала әзірленген видеороликтер, презентация, тақырыпқа сай мазмұнды суреттер,шығармашылық жұмысқа қажетті қалдықтар.

Оқыту әдістері:

Тұлғалық бағдарланған  тәсіл

-Педагогың назарын бала  тұлғасының тұтстығына, оның тек  ақыл-ойы,  жауапкершілік сезімінің ғана  емес, ондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық нышандары мен даму мүмкіндіктері мен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққашоғырландыруды көздейді.

Жүйелік-әрекеттік тәсіл

Ұйымдастырылған іс- әрекет үдерісінде баланың өз бетінше  білім алуына бағытталып, осы мақсатта педагогтың тиімді іс-әрекетінің түрлі формаларын  қолдануын көздейді.

Коммуникатвік тәсіл

-Бірінші кезекте баланың байланыстырып сөйлеудағдысын қалыптастыруда туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып  үйренуге бағытталған.

Әрекет кезеңдері

Барысы

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа суретер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

v Бимен топқа кіру.

v Сәлемдесу

v Миға шбул:

Қорапша көрсеттіп. Ішінен шыққан Бас киімге   байланысты сұрақтар қою.

Жаңа тақырып: Балалар интербелсенді тақтадағы суреттерге  назар аударайық.

ü Суреттерді әңгімелейік

ü Не көріп отырсыңдар?

ü Суретке ат қояйық

Құрлымдалған ойын: «Лоберинг»

Мақсаты: Балаларды ептілікке дағдыландыру.

Шарты: Барлығы бірге карофканы қозғау арқылы аққала құрастыру.

 

Бала үні - балалардың қызығушылығын анықтау.

Топтастыру:

Таратпа текшелердегі qr арқылы  үш топқа  топтасады.

1-топ: «Аққала»

2-топ: «Қар »

3-топ : «Шырша»

4- топ: «Жел»

Ø Балалар, топтарыңдағы жұмыс үстеліне назар аударыңаршы.

 

1.«Аққала»тобындағы ойыны « wardwell» ойыны

Мақсаты:  Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шарты:Берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

 

2. «Қар» тобындағы ойыны «Қыс бейнесі»

Мақсаты: Балалардың эстетик1алық дағдысын дамыту

Шарты: Дәстүрден тыс сурет салу әдісімен Қыс бейнесін  салу.

 

3. «Шырша» тобындағы ойын «Қысқы көрініс»

Мақсаты: Балалрдың танымдық дағдысын дамыту

Шарты : Қалдық заттардан Қыс көрінісін құрастыру

 

4. «Жел» тобының ойыны Зерттеу»

Мақсаты: Балалардың ізденімпаздығын дамыту

Шарты: Мұз кесектерін кретерилеріне байланысты зерттеу

 

Ерекше білімді қажет ететін баламен жұмыс.

Баланың аты: Табылды Бауыржан

Интерактивті партамен жұмыс

 

Жеке жұмыс:

Топтардағы балалардың  жұмыстарын  бақылау. Әр топтың  жұмысына басшылық  жасап бақылау жасау.

Ерекше балаларды қызығушылығы  жоғары балаларды тікелей  бақылау.

v Ортаға келген соң: Балалар қарды сағындыңдарма? Ендеше сендерге кішкене сыйлығым бар

 

Құрылымдалған ойын.

Тақырыбы: «Бұл не?»

Мақсаты:   Достарын тыңдауға тәрбиеленеді.

Шарты: Ортаға бір бала шығып басына сурет тағылып ортаға отырады. Қалған балалар суретке байланысты мәліметтер айтады. Ортадағы бала маңдайында ілінген суреттің не екенін табады.

 

Еркін ойын: «Эстафета»

Мақсаты: Балаларды спортқа  деген қызығушылығын арттыру. Дененің физикалық сапаларын дамыту

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Берілген кедергілерден өте отырып, Аққала бейнесін салу. Бірінші болған топ қоңыраушаны бірінші басу.

 

Рефлекция

Кері байланыс: Балалар енді бәріміз «Tik tok» әдісі мен мені ұйымдастырылған іс- әрекетімді бағалап жіберіңдер.

 

Мақтап мадақтау: Сыйқырлы сый жасырылған қорап

 

 

 

 

интербелсенді тақтаға назар арады

 

 

 

Балалардың назары сөзжұмбақта

 


«Тұлпар» МАД тобының тәрбиешісі Молдабек Ұлбикенің ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Ққ әрпі және дыбысы» 

 

«Хореография» үйірмесінің жетекшісі Тойбазарова Мөлдірдің ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Киіз басу» биі