«Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасында «Ұлттық құндылықтар негізінде балаларды еңбекке баулу» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинардың міндеті:
- Балаларға қарапайым сөйлесу мәдениетінен бастап, тазалық,
ұқыптылыққа тәрбиелеу;
- Балалардың өз елінің тарихын, дүниетанымын, мәдениетін білуін арттыру;
- Ұлттық, рухани құндылықтарды меңгерту арқылы балаларды еңбекке баулу;
Осы міндеттерге сәйкес топтарда 6 ашық көрсетілімдер мен сахнада «Ит пен мысық адамға қалай дос болады» тақырыбында қойылым қойылды. Сонымен қатар «Аналар» клубының 9 айлық тақырыптық жоспарға сәйкес 3 жұмыс түрі көрсетілді.